«Қазақстан Аруы 2025» Ұлттық сұлулық байқауының финалистері анықталды
«Қазақстан Аруы» сұлулық байқауы Қазақстан Республикасы аумағындағы «Әлем Аруы», «Ғалам Аруы», «Miss Grand International» әлемдік ірі байқауларына эксклюзивті лицензиясы бар жалғыз ұлттық байқау болып табылады. Еліміздің жыл сайынғы осы салтанатты орындарында өкілдік етуі орасан зор оң нәтиже береді. Қазақстан аруларының әлемдік сахналарда ел намысын қорғауы мемлекетіміздің халықаралық аренадағы танымалдылығын арттырып, шетелдік туристердің елімізге деген қызығушылығын күшейтуге ықпал етеді және ұлттық мәдениетімізді насихаттауда маңызды рөл атқарады.